Мемлекет басшысы қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

31 Тамыз, 10:02 612

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты және Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл айтулы күн елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті. Сондай-ақ Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: