13.10.2022
15:08
2010
Мемлекет басшысы Палестина Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Палестина Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Палестина Президентімен кездесті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты. 

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. 

Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.