Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифті Пәкістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қазақстан Президенті Пәкістанның өз мемлекеттілігін нығайту және өркениетті қоғам құру ісінде елеулі табысқа жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің Пәкістанмен арадағы екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.
Президент Премьер-министр Шахбаз Шарифтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Пәкістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.