01.04.2025
16:12
1174
Мемлекет басшысы Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Самарқандта Қазақстан президенті «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.