05.04.2024
13:06
1140
Мемлекет басшысы Өзбекстанға барды

Мемлекет басшысы Өзбекстанға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр.