Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақордаға мәлімдеді.
Сонымен қатар тараптар Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің қатысуымен өткен кездесудің қорытындысы жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысқаны және мазмұнды сөз сөйлегені үшін Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев аталған шараның өткізілу деңгейін жоғары бағалап, кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
Сондай-ақ бүгінгі шарада аймақтағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылауға жақсы мүмкіндік болғанын атап өтті.