16.01.2023
18:37
1198
Мемлекет басшысы Непал президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Непал президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Непал Президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Покхара қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы жеделхатта Непал Президентіне және қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.