Мемлекет басшысы Монако Князімен кездесті

Мемлекет басшысы Монако Князімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары барысында Монако Князьі ІІ Альбермен кездесу өткізді, де хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz интернет порталы.

Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 Біз бұған дейін Президент Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізгені туралы жаздық.