25.10.2023
11:55
1295
Мемлекет басшысы Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.