Мемлекет басшысы Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады

9 Қыркүйек 2023, 16:49 1122

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
  
Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Асқар Таудай
Бөлісу: