02.12.2024
17:03
1106
Мемлекет басшысы Лаос президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Лаос президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.