Мемлекет басшысы Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

31 Қазан, 21:40 392

Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Перизат Саденова
Бөлісу: