05.06.2025
14:41
1073
Мемлекет басшысы Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.