17.02.2025
14:04
1919
Мемлекет басшысы Иорданияға барады

Мемлекет басшысы Иорданияға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорда мәліметінше, сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.