11.09.2022
23:21
1117
Мемлекет басшысы ІІІ Чарльздің таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы ІІІ Чарльздің таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльзге құттықтау жеделхаты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

«Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі салалардағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін», - деп жазылған жеделхатта.


Құттықтау соңында Президент Корольдің барлық игі бастамаларына толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен британдықтарға бақ-береке тіледі.