Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

21 Мамыр, 20:31 569

Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, қазақ-фин байланыстарын барлық бағыт бойынша одан әрі қарқынды дамытуға өзара мүдделі екенін білдірді.

Тараптар көпжақты ұйымдар аясындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Финляндияның 2025 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметіне табыс тілеп, Қазақстанның конструктивті ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Перизат Саденова
Бөлісу: