05.10.2024
21:27
692
Мемлекет басшысы Ерлан Қосанов пен Ерлан Ыдырысовты қабылдады

Мемлекет басшысы Ерлан Қосанов пен Ерлан Ыдырысовты қабылдады

Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып жаңадан тағайындалған Дәурен Қосановты қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы Әуе қорғанысы күштерін модернизациялау туралы бірқатар тапсырма берді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдап, халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.