Мемлекет басшысы Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айтты

22 Желтоқсан 2023, 21:20 2107

Мемлекет басшысы Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
 Қасым-Жомарт Тоқаев Прага қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айтты.

Прага қаласындағы Карлов университетінде болған жантүршігерлік қарулы шабуыл салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте Чехия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын, ал зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, - деп жазылған жеделхатта.

Берік Арманов
Бөлісу: