03.03.2025
12:38
730
Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.