Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы - Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27 қараша күні Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы өтеді.