Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

1 Желтоқсан 2022, 17:50 803

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жекеше секторға және экономиканы неғұрлым орнықты қалпына келтіруге негізделген даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

EL.KZ
Бөлісу: