Мемлекет басшысы бірқатар елдегі елшілерді тағайындады

16 Шілде, 09:04 1728

Қазақстан президенті бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: