Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады

21 Шілде, 12:13 415

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: