19.04.2024
11:39
1332

Мемлекет басшысы Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Суреттер: Ақорда

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Сурет: Ақорда

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылмақ.

18 сәуірде мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қырғызстан президентін елорда әуежайынан қарсы алғаны туралы жазғанбыз.