28.11.2023
17:01
1480
Мемлекет басшысы Албания халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Албания халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Албания Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бүгінде Албания тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің одан әрі қарыштап дамуына, еліңіздің мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Албания халқына құт-береке тіледі.