Мемлекет басшысы шілдеде министрлер мен әкімдерді жинайды

14 Маусым 2022, 11:04 1329

Шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, – деп хабарлайды El.kz.

«Шілде айында мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз», – деді Смайылов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі. Смайылов барлық әкім мен министрге осы отырысқа дайындалуды тапсырды.

Үш жаңа облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша алты айдың қорытындысы жасалады.


Бөлісу: