Мектептердің бірінде психикалық ауытқуы бар маман жұмыс істеген

1 Ақпан, 15:31 885

Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде бұрын сотталған және психикалық ауытқуы бар адамдар жұмыс жасаған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек кодексін бұзу деректерін анықтады, қылмыстық тарихы бар адамдар кәмелетке толмағандардың қатысуымен еңбек қызметін жүзеге асырған.

Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының талаптарына қайшы, аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалім мен 2 күзетші жұмыс істеді. Сондай-ақ, психиатриялық бұзылуларға байланысты «Д» есебінде тұрған 1 адам (көмекші персонал) балалардың қатысуымен қызметті жүзеге асырғаны анықталды, - делінген хабарламада.

Прокуратура шаралары бойынша, білім беру ұйымдарында жұмысына жол берілмейтін адамдармен еңбек шарттары бұзылды, кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: