Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты мектепте орамал тағуға қатысты ішкі тәртіп ережелері ісін қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты талап қоюшының «оқушының мектепке орамал тағып келуге болады» деген уәжін жоққа шығарды.
Оқушының әкесі бұған дейін министр бұйрығында бас киімге нақты тыйым салынбағанын айтқан.
«Білім туралы» Заң мен мектептің жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Әртүрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді, – делінген соттың қорытындысында.
Заң органы оқушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін дұрыс тұжырым деп таныды.