“Мектепке мина қойылған”: Тараз полициясына жалған хабарлама берген оқушылар анықталды

14 Қыркүйек 2023, 18:25 752

“Мектепке мина қойылған”: Тараз полициясына жалған хабарлама берген оқушылар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, оқу жылының басында Тараз қаласы мектептерінің бірінің электрондық мекенжайына білім беру мекемесі ғимаратының жарылу қаупі бар екендігі және 10 миллион теңге көлемінде ақша төлеуді талап еткен хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында ақпарат расталмады, жарылғыш құрылғы табылмады.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 13 қыркүйекте Жамбыл облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қаласының ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен облыс мектептерінің бірінің екі сегізінші сынып оқушысы анықталды.

Белгілі болғандай, іс-әрекеттің себебі балалардың тентектігі және сабақ үрдісін бұзуға деген ұмтылысы болған.

Равиль Ашығали
Бөлісу: