07.09.2025
15:57
632
Мектепке арналған сөмкені қалай дұрыс таңдау керек?

Мектепке арналған сөмкені қалай дұрыс таңдау керек?

Жаңа оқу жылы қарсаңында мамандар ата-аналарға баланың денсаулығын сақтау үшін мектеп сөмкесін дұрыс таңдаудың маңыздылығын ескертеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес, оқушы сөмкесінің салмағы мынадай болуы тиіс:

  • 1–3 сынып — 2 кг-ға дейін

  • 4–5 сынып — 2,5 кг-ға дейін

  • 6–7 сынып — 3,5 кг-ға дейін

  • 8–11 сынып — 4,5 кг-ға дейін

Жалпы салмақ баланың дене салмағының 10%-нан аспауы керек.

Сөмке таңдауда назар аударатын негізгі талаптар:

  • кең әрі жұмсақ төсемі бар белдіктер;

  • ортопедиялық арқалық;

  • жеңіл, су өткізбейтін материал;

  • міндетті түрде жарық шағылыстырғыш элементтер.

Ата-аналарға ұсыныстар:

  • сөмкені күн сайын тексеріп, артық заттарды алып тастаңыз;

  • балаңызды сөмкені екі иыққа тағып жүруге үйретіңіз;

  • егер салмақ шамадан тыс ауыр болса, мұғаліммен келісіп, кейбір кітаптарды мектепте қалдыруға мүмкіндік жасаңыз.

Баланың болашақтағы денсаулығы мен дұрыс дене бітімі ата-ананың бүгінгі таңдаған сөмкесіне тікелей байланысты.