Мектеп медиациясы

18 Қараша 2019, 10:37 3260

Петропавл қаласының Достық үйінде 6-10 класс оқушылары үшін "Мектеп медиациясының негіздері" тақырыбында семинар-тренинг өтті.


Медиация кабинетінің меңгерушісі Г.Мұсбаева жас медиаторларға мектептегі жанжалға жол бермеу, оларды реттеу туралы айтып берді. Сұқбатқа қызығушылық танытқан мектеп оқушылары балалар арасында жиі кездесетін дау-дамай мен келіспеушіліктер туралы, сондай-ақ, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас туралы баяндады.


Қатысушылар топқа бөлініп, медиативтік рәсім форматында мектеп өмірінен жекелеген жағдайларды көрсетті. Ең белсенді қатысушылар Журнаш Бахтияр, Серік Диар, Сабыржан Ілияс футбол ойыны кезінде ойыншылар арасында туындаған жанжалды жағдайлардан шығу үлгілерін көрсетті.

Мектеп медиациясы туралы фильм көрсетілді. Семинарға мектеп психологтары мен оқытушылары да қатысты.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 

Бөлісу: