Мексикада боксшы қарсыласы мен оның бапкерін нокаутқа жіберді

12 Маусым 2023, 14:51 808

Аса жеңіл салмақта бокстасатын мексикалық Хоселито Веласкес (16-1-1, 11 КО) пен оның отандасы Хуан Тоскано (11-5, 2 КО) арасында жекпе-жек кезінде ерекше жағдай болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мексиканың Мехикали қаласында өткен айқаста көпшілік Веласкес жеңеді деп сенген, солай болады да. Ол қарсыласын үшінші раундта нокаутпен ұтты.

Дегенмен жеңілген боксшының бапкеріне мұндай шешім ұнамаса керек, ол Веласкеске жұдырығын ала жүгірді. Ол жа қарап қалмай жаттықтырушыны да нокаутқа жіберді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: