Мефедрон сатқан елордалық 15 жылға сотталуы мүмкін

24 Ақпан 2023, 19:11 968

Ақмола полицейлері Көкшетау қаласына 840 грамнан астам синтетикалық есірткі затын жеткізудің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Елорданың 35 жастағы тұрғыны 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасын арқалайтын болады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон психотроптық затын елорданың өзінде, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде де, оның ішінде Ақмола облысында да аса ірі мөлшерде жеткізумен және өткізумен айналысқан Астана тұрғынына қатысты жедел ақпарат алды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі, 5-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қоймашыны ұстаған кезде жедел қызметкерлер 30 пакетті тауып, тәркіледі, олардың әрқайсысында 10-нан 30-ға дейін оралған есірткі заттары бар. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 843 грамм болатын мефедрон психотроптық заты болып табылады. 35 жастағы астаналық есірткі жасыруларын қойып үлгермеді.

Сондай-ақ есірткімен күрес полицейлері күдіктінің ұялы телефонын тәркіледі, онда есірткі құралдарын сату жөнінде куратормен хат алмасу және жасырып салу арқылы жергілікті жерде есірткі заттарын өткізу туралы фотоесеп бар. Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні күдікті қамауға алынды. Полицейлер қылмыстық іс-әрекеттің басқа қатысушыларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: