Мефедрон, марихуана, кокаин: Астанада жалдамалы пәтерден есірткі партиясы анықталды

13 Қараша, 10:42 293

Астанада полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде 35 жастағы есірткі жасырушыны ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, жеке тінту барысында күдіктіден 350 орам және синтетикалық есірткі салынған екі үлкен полиэтилен пакет тәркіленді.

Сондай-ақ пәтерді тінту кезінде жасыруға дайындалған 1,5 мыңнан астам орам, салмағы бір жарым килограмм болатын 4 үлкен орам, 5 мыңнан астам zip-пакеттер, таразы мен есірткіні өлшеп орауға арналған құрылғылар тәркіленді. Ұсталған адамнан барлығы 6 кг-нан астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 4 кг-дан астам мефедрон, 2 кг үнді марихуанасы және 8 грамм кокаин, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Одан бөлек, Қарағандыда 53 жастағы ер адам ұсталды. Ол өз пәтерінің балконында 10 кг-нан астам гашиш сақтаған. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде заңсыз айналымға есірткі заттарының 35 мыңнан астам дозасы жіберілмеді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: