АҚШ-тағы алып аруханаларда дәрігерлердің жұмысын жеңілдететін ЖИ көмекшілер жұмысын бастады. Бұл заманауи жүйе – ота жасау кезінде, ағзаға сараптама жасауда, түрлі жарақаттар мен ісіктерді анықтауда жұмысты едәуір жеделдетеді. Жаңа технологияны белсенді қолданып жатқан АҚШ болғанымен, шығарушы елдер Оңтүстік Корея мен Германия.
ЖИ-ді медициналық зерттеулерде қалай қолдануға болады
ЖИ көмекші медицинадағы күрделі аналитикалық тапсырмаларды автоматтандырады, бұл зерттеулерді тезірек әрі дәлірек жүргізуге көмектеседі. Бұрын ақпаратты іздеу мен салыстыруға бірнеше күн, тіпті апта кететін болса, қазіргі технологиялар бір күннің ішінде үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеп, мамандарға әрі қарай жұмыс істеуге болатын құрылымдалған қысқаша шолуды ұсына алады.
Бір жағынан қағазбастылықтан арылуға және науқастардың жай-күйін толықтай зерттеуге мүмкіндік беріп отыр.
ЖИ көмекшіні медицинада қолданудың тағы бір тәсілі, жұмысты оңтайландыру. Мысалы, ЖИ-модельдер қолда бар деректер негізінде зерттеу жасап, отаға дайындау жоспарын құра алады, бұл сенімділікті қамтамасыз етіп, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар деректерді нақты уақыт режимінде бағалап, зерттеу барысын түзетуге және жаңа зерттеу бағыттарын ұсынуға қабілетті.
Неліктен медицинада ЖИ көмекшіні қолдану қажет
Бұрындары дәрігерлер ота жасау кезінде науқастың жүрек қағысы мен қан мөлшерін қатар қадағалап тұруы керек болған. Ал қазір бұл істің барлығын ЖИ көмекші орындай алады. Алдын ала науқасқа жасалатын ота мен қаулыны жүйеге еңгізед, ары қарай ЖИ көмекші өздігімен автоматты түрде тапсырманы орындай береді.
Ауыр оталарға қабілетті ме?
Негізінен ЖИ көмекшісінің басты міндеті – ота кезінде дәрігерге көмектесу. Бұл дегеніңіз ЖИ толықтай ота жасайды деген сөз емес, кез-келген ауыр жарақаттар мен кесу құралдарын толығымен дәрігерлер өздері жасадйы. Қазіргі таңда АҚШ-тың бірнеше штатында қолданыла бастады. Нәтижесі айтарлықтай жақсы деп айтуға болады.
Дәрігерлер қандай пікірде?
NYC Healths Hospitals ауруханасының бас хирургы Ларен Кларк алғаш болып осы жүйені қолданған дәрігерлердің бірі.
Басында сәл қорқыныш болғанын мойындаймын. Дегенмен бірден науқасқа сынып көрген жоқпыз, арнайы техникалар мен адам ағзасының макеттеріне жұмсап көрдік. Нәтижесі көңіл қуантарлық. Бұрындары науқасты отаға дайындау ұзақ уақыт алатын, қазір барлығын ЖИ көмекші орындайды. Әріптестеріме де, науқастарға да бұл технологиядан қорықпауға және керісінше заманауи мықты құрылғы ретінде пайдалануға шақырамын, - деді Ларен Кларк.
Бұл жүйені қазірдің өзінде әлемнің 35 елі тапсырыс беріп күтіп отыр. Әзірге Еуропа елдері белсенділік танытуда, ал ТМД елдерінен әлі сұраныс түспеген. Болшақта ЖИ көмекшілердің санын бес есеге көбейту жоспарда бар дейді компания өкілдері.