Медициналық сақтандыру қорының басшысы - жалақымыз аз, 450 мың теңге ғана

19 Мамыр 2023, 15:57 1055

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Сәбит Ахметов Қазақстанда өткен жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге 9 миллиард теңгеден астам сома жұмсалғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Орта есеппен алғанда 2022 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерді ұстауға 9 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қорда мыңға жуық адам жұмыс істейді. Біздің барлық облыс бойынша филиалдарымыз бар, онда  700-ге жуық адам жұмыс істейді, - дейді төраға. 

Қаржының 80 пайызы еңбекақыны, 20 пайызы өзге шығындарды өтеуге жұмсалған. 

Сонымен қатар Сәбит Ахметов әлеуметтік сақтандыру қорында қызметкерлердің ұзақ мерзімге тұрақталмайтынын айтты. 

Орташа жалақы – шамамен 450 мың теңгені құрайды. Бірақ бұл ондай көп сома емес. Себебі бізде жыл сайын кадрлардың ауысуы 22 пайызды құрайды. Яғни әрбір бесінші адам жыл сайын жұмыстан кетеді деген сөз. Жүктеме өте үлкен болғандықтан, жұмыс та өте көп. Сәйкесінше олар мұндай жүктемеге шыдамай, қызметтен кетеді. Егер жалақымыз жақсы болғанда, онда адамдар бізден кетпейтін еді, – деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: