Медициналық сақтандыру қоры комиссиялық сыйақының шекті мөлшерлемесін көтермек

25 Тамыз, 22:41 361
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры комиссиялық мөлшерлемені көтеруді жоспарлап отыр. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпаратық агенттігі.
 
Құжат үкімет қаулысының қолданыстағы редакциясына өзгерістер енгізеді.
 
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін жүзеге асыруға арналған комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,66 пайызынан аспайтын болып белгіленсін, - деп жазылған қаулы жобасында.
 
Бүгінде комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі 1,56 пайызды құрайды.
 
Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Перизат Саденова
Бөлісу: