Медициналық бетперде туралы не білеміз?

30 Маусым 2020, 22:25 10368

Бетперденің шығу тарихы мен түрлері

Әлемді дүрліктірген коронавирус ауруынан үрейленбеген жан жоқ шығар. Аталған пандемияның басталғанына да жарты жылдан астам уақыт өтті. Соған қарамастан технологиялары қарыштап дамыған бірде-бір ел бүгінгі таңда вирусқа қарсы вакцина ойлап таба алмай жатыр. Елімізде де карантиндік шектеулер күн санап күшейтілуде. Осындай жағдайда әр адам өзіне, жеке басына жауапкершілік ала білуге тиіс. Яғни, өзіңізді көпшілік ортаға көп шығудан тию, қолыңызды күнделікті сабынмен жуу арқылы, сонымен қатар қорғаныс үшін медициналық бетперде тағу арқылы сақтана аласыз. Бүкіл дүниежүзі болып пандемиямен күресуде осы сақтық шараларын басты назарға алып отыр.


Бетперденің (масканың) пайда болу тарихы

Үйден медициналық бетперде тақпай шығу қауіпті жағдайға алып келеді. Бүгін біз сол «бетперде қалай, қайдан шықты?» дейтін көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап іздеп, тарихына тоқталайық.

Ең алғаш адамзат арасына оба індеті тарай бастағанда көптеген емшілер сақтық шараларын қарастырады. Осылайша, он бесінші ғасырда індет шарықтаған тұста науқастармен жиі қарым-қатынасқа түскен емшілер шет-шетінен өздері де жұқтырып алады. Сол кезде туындаған жағдайға байланысты қорғаныш құралын тек қана екі ғасыр өткеннен кейін, яғни он жетінші ғасырдың басында ойлап табады. Францияның танымал дәрігері Чарль Лорм бетпердені ең алғаш ойлап тапқан адам. Ах халатты жан тек қана бетперде емес, өз заманында қолғапты да, ерлерге арналған қалпақты да, пәлтені да, құстың ұзын тұмсығы тәрізді бетпердені да бәрінен бірінші қолданысқа енгізген. Анығын айтсақ, алғашқы бетперде құстың тұмсығы тәрізді пішінге ұқсас еді. Ол тұмсықтың ішкі қабатын бос қалдырмай, әртүрлі дәрілік шөптермен толтырған.

Дәл қазіргі уақытта пайдаланып жүрген медициналық бетперделер он тоғызыншы ғасырдан бері қолданыла бастаған. Тарихта оны ойлап табушыларға қатысты бірнеше дау-дамай туындаған. Айталық француздар бетперденің жетілген түрін Поль Бержер шығарған десе, поляктар өздері жақтан Ян Микулич-Радецки ойлап тапқан деп жүр. Бірақ екі ғалымның да ашқан жаңалықтарының уақыттар шамалас. Сондықтан дәл мына ғалым ашты деп айту қисынға келмейді. Десе де, екі ғалымға бетпердені жетілдіруге шабыт берген бір оқиға екені айқын.

Жетілдірілген бетперде дайындардың алдында неміс азаматы, микробиолог Карл Флюгге адам сілекейін зерттеп жүреді. Ақыры сілекей құрамында патогендердің бар екенін ашқан. Осылайша, ота жасаған кезде дәрігерлердің бір-бірімен сөйлесу барысында немесе түшкірген кезде науқастың ашық органына сілекей тамшысы түсе қалса, аурудың одан әрі асқынатынын білген. Сондықтан, дәрігерлер аузын арнайы бет пердемен тұмшалауы керек деп шешеді. Ақыры 1897 жылдан бастап Карл Флюгге оталардың барлығын медициналық бетперде тағып жасай бастайды. Нәтижесі де адамдарды таңқалдырған. Бір жыл ішінде бетперде киіп жасаған оталардан инфекцияның таралуы да айтарлықтай азайған. Екі жылдан кейін дәрігер Парижде өткен медицина мамандарының отырысында жаппай бетперде тағып ота жасауды ұсынады.

Ал поляк дәрігері Ян Карлдың бұл бастамасын ары қарай жалғастырушы. Ол тек бетперде тағып қана қоймай, ота кезінде қолға арнайы қолғап та киген екен.

1918-1919 жылдары бүкіл Еуропада «испан тұмауы» етек жая бастады. Эпидемиядан сақтану үшін қарапайым халық беттеріне медициналық бетперде тағуға кірісті. Ал осы дәуірде бірінші дүниежүзілік соғыста қолданылған химиялық қарулардың исінен қорғану үшін әскери адамдар да бетперде таққан деседі.

Бүгінде медициналық бетпердені әр адам ерікті түрде өздері таға береді. Әсіресе, Оңтүстік Корея, Жапония және Вьетнам елдерінде адамдар сәл тұмауратып қалса болды міндетті түрде бетпердемен жүруді дағдыға айналдырған. Бұл өз бойындағы ауруды өзгеге жұқтырмас үшін қорғанған үлкен жауапкершіліктің белгісі. Сондықтан да, қазіргі таңда аталмыш елдерде карантин жарияланбай отыр. Көбінесе вирус адамдар ашық түшкірген немесе жөтелген кезде ауаға жайылып, жақын тұрған адамдарға жұғып жатады. Медициналық бетперде тағу – микробтар санын айтарлықтай төмендетеді. Сол себепті, пандемия кезінде өзгелер ескертпесе де медициналық бетперде киіп жүру үлкен жауапкершілік пен өз өміріңізге деген сақтықтың белгісі.


Бетперденің құрылысы мен түрлері

Медициналық бетпердені жасау үшін бастапқы кездерде жұқа материалдар пайдаланылып келген. Уақыт өте келе сүзгіштік қасиеті жоғары, талшықты және полимерлі маталардан тіге бастады. Көпшілікке арналған дәріханаларда сататын бетперделер үш қабаттан тігілсе, дәрігерлердің ота жасағанда тағатыны төрт немесе одан да көп қабаттан тұрады.

Мата емес материалдардан жасалған бетперделер бірнеше топқа жіктеледі. Олар күнделікті қолдануға арналған процедуралық және дәрігерлерге арналған хирургиялық. Процедуралық бетперделер мата емес материалдардың үш қабатынан жасалады. Әдеттегі медициналық бетперделердің құрылысы: ортасында сүзгілік бөлімі, екі жақ сыртында қорғаныш қабатынан тұрады. Бетперде өлшеміне байланысты ересектерге және балаларға арналған деп бөлінеді. Ересектерге 175х95 мм болса, балаларға арналған бетперделердің өлшемі 140х80 мм болады. Хирургиялық бетперделер төрт қабатты болып келеді. Онда фильтрден және сыртқы екі қабаттан басқа, хирургиялық операциялар жүргізу кезінде биологиялық сұйықтықтардың түсуінен бет терісін қорғауды қамтамасыз ететін сұйықтыққа қарсы қабат орналасқан.

Қатардағы дәріханадан алған арзан бетперделерді екі немесе төрт сағат қана пайдалануға болады. Ал егерде сіз мекендеген аймақ пандемияның ошағы болса, онда инфекционист-дәрігерлер аталған бетпердені екі сағат сайын ауыстырып тұруға кеңес береді. Сонымен қоса ауа райы ластанған ортада тіршілік етсеңіз, түтін мен ыстан қорғану мақсатында бес-алты сағатқа дейін қолдануға болады.

Жауын-шашын көп жерлерде бетпердені ұзақ уақыт бойы тағып жүруге болмайды. Себебі ылғалды ортада оның қорғаныштық қасиеті төмендеп, вирус адам ағзасына тез түсе алады.


Респираторлық бетперделер

Ал заманауи бетперденің келесі түрі респираторлықты тақсаңыз оның бетте орнықты тұрғандығына көз жеткізген абзал. Мамандардың айтуынша, ер азаматтар мұндай бетпердені қырынып барып таққаны дұрыс екен.

Респираторлық бетперделер дәрежесіне қарай бірінші, екінші, үшінші деп бөлінеді. Оның шаңға немесе газға арналғанын өзіңіз қалауыңызбен таңдауға болады. Ал қазіргідей пандемия кезінде респираторлардың екінші және үшінші дәрежесін қолданған жөн. Бұларды медицинада FFP3 және FFP2 деп атайды. Ал бірінші дәрежелі респиратор FFP1 деп аталады.

Ендігі кезекте респираторлық бетперденің белгіленуі мен ерекшеліктеріне тоқталайық. Егер R белгісі жазылған болса, онда бұл бетпердені сіз бірнеше рет таға аласыз. Бірақ максимум үш-ақ күн тағуға болады. NR таңбаланған болса, бір рет қана, шамамен он бес-он алты сағат пайдалануға болады. D әріпі белгіленсе, сегіз сағат қана қолдана аласыз. Сонымен қатар, қақпақты және қақпақсыз түрлері де бар. Санаты мен дәрежесі жоғары бетперделер қақпағымен болады.

Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі бетперделерді таңдау және пайдалану бойынша ұсыныстар жариялады. Қоғамдық орындарда бетпердені кию міндетті. Егер сіз үйде, көшеде, адамдар көп жиналатын жерлерде және жақсы желдетілетін жерлерде болсаңыз, бетперде киюге болмайды. Адамдар жақындағанда, дереу киюіңіз керек. Егер сіз жөтелгенде немесе түшкіргенде клапаны бар респираторларды пайдалансаңыз заң бұзғандық болып табылады. Өйткені, сіз бетпердеде орналасқан қақпақша арқылы инфекцияланған аэрозольды құрғатасыз және басқаларға жұқтырасыз. Осы себепті және бір реттік бетперделерде тыныс алу оңай болғандықтан, олар респираторлардың орнына ұсынылады. Егер сіз коронавирус жұқтырған адамдар бар жоғары қауіпті аймаққа кірсеңіз, N95 респираторларын қолдану ұсынылады. Жақын туысыңыз коронавируспен ауырып қалса, онда сіз клапыны жоқ бір реттік бетпердені киюіңіз керек, себебі сіз де ауырып қалуыңыз әбден мүмкін және басқаларға жұқтырмағаныңыз маңызды.

Бетпердені тағу ұзақтығы сыртқы жағдайларға байланысты 2-ден 6 сағатқа дейін өзгереді. Эпидемия кезінде немесе емдеу мекемелерінде бетпердені екі сағаттан артық емес пайдалану ұсынылады. Егер ол қандай да бір техногендік факторлардан, мысалы, түтіннен қорғау үшін пайдаланылса, онда кию уақыты 6 сағатқа дейін болуы мүмкін.


Бетперденің (масканың) пайдасы

Вирустардың мөлшері бетперде немесе респиратор кигеннен ешқандай азаймайды. Вирустар өздігінен ауада бола алмайды және суперкапсидтегі вирустар су молекулаларымен айналмай іс жүзінде белсенді түрде өшіріледі. Белсенді вирустар 1-ден 200 микрометрге дейінгі мөлшерде тамшылардың ішінде орналасқан аэрозоль тамшыларының көп бөлігі. Сондықтан тіпті қолдан жасалған бетперде, шарф немесе бет орамал оларды ұстап қалуға қабілетті. Төрт қабаттан жасалған, қолдан жасалған мата бетпердесі сүзгілеу тиімділігі бойынша бір реттік бетпердеге пара-пар. Бір реттік бетперделер өте жоғары тиімділікке ие және 3 микрометрден астам аэрозолдардың 95% тамшысын ұстап тұра алады. N95 медициналық респиратор 3 микрометр тамшыларын өткізбейді және 95% 0.3 микрометр аэрозолдарын кешіктіреді, бұл өте аз.

Жөтелгенде немесе түшкіргенде, адам сілекейдің ұсақ тамшыларының тұтас бөлігін шашады, ал олармен бірге ауру қоздырғыштар да таралады.

Респираторлық ауруларда бетперделерді қолдану бойынша зерттеулерде оның тиімсіздігі туралы барлық мәлімдемелерді жоққа шығарады. АҚШ-та медбикелер арасында тұмаудың эпидемиясы кезінде бетперде мен респираторлар науқастармен көптеген қарым-қатынаста болғанына қарамастан, медициналық қызметкерлердің 77%-ын жұқтырудан қорғады. Сонымен қатар, зерттеулер N95 кәдімгі бетперделер мен респираторларды пайдалану арасындағы елеулі айырмашылықты көрсетпейді, бірақ N95 респираторлар әдетте аурудың жоғары қаупі кезінде және науқастармен ерекше жиі байланыста қолданылады. Сондай-ақ, COVID-19 коронавирусы бар науқастардан аэрозольға бетперделерді сынау жүргізілді. Мұндай науқастардың аэрозольдарының елеулі бөлігі ұсақ – бес микрометр болды. Тіпті әдеттегі бетпердемен сәтті сүзіледі. Себебі ол аэрозольды үш микрометрге дейін сүзуге есептеліп жасалған. Сонымен қатар бетпердені жалпы тағу бойынша дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауқымды эксперимент те өткізген. Бірінші, тек қана Йена қаласында және Роберт Кох институтының ғалымдары арасында бетперде тағу бойынша зерттеу жүргізді. Алайда COVID-19 пандемиясының өсуі жалғаса берді, ал Йенде жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмеді. Осыған байланысты Роберт Кох институты бетперделерді жаппай киюден бас тарту үлкен қате деп мойындаған.

Дегенмен, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы пандемиялық тұмаумен және жұқтыру қаупі төмен кезде жіті респираторлық аурулармен күресу үшін медициналық бетпердені пайдалануды ұсынады, әсіресе туберкулез жұқтыру қаупі жоғары жағдайларда респираторларды пайдалану ұсынылады. Қорғаудың жалпы тиімділігіне жеке гигиена ережелерін сақтау да әсер етуі мүмкін.

Коронавирус пандемиясы жағдайында бір рет қолданылатын бетперде мен респираторларды стерилизациялау технологиясын әзірлеу және тез миллиардтаған жаңа өнімдерді шығару мүмкін емес. Оны шешу үшін үлкен N95DECON қауымдастығы деп аталатын ғалымдар тобы құрылды. Қауымдастықтың мәліметтері бойынша термиялық әдіс 80% ылғалдылылықта, отыз минут бойы 60°C температурада булағанда тиімді. Бұл бетперделер мен респираторларды бес рет зақымдамай зарарсыздандыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, температураның тіпті 65°C дейін көтерілуі зарасыздандырудың екі айналымында да зақымдану қаупін тудырады. Стерилдеудің мұндай төмен температурасы коронавирустарға бейімделген, бірақ көптеген басқа бактериялар мен вирустарды жоя алмайды. Ультракүлгін (UVC) стерилдеу 10-20 айналымынан кейін де зақымданудың болмауына кепілдік береді, бірақ бетперде немесе респиратор толығымен сәулеленуін және олардың қандай да бір элементтері көлеңкеде қалмауын қамтамасыз ету талап етіледі. Ең тиімді әдіс – сутегі асқын тотығындағы стерилдеу.

Қазір бүкіл әлемде бетперденің жетіспеушілігі анық байқалуда. Тіпті осындай қиын жағдайда қолдан тігіп, екі есе бағада сатып пайда тауып жүргендер де жетерлік. Қазірше біздің қолымыздан келері бетперде тағу ережелерін сақтап, вирустан сақтану ғана.

(Суреттер pixabay.com сайтынан алынды)

Назерке Чакирбаева
Бөлісу: