Медина Нұржанқызы: «Асқақ арманым – «Астана» су добы командасын әлемдік аренадан көру»

9 Қыркүйек 2022, 11:04 1625

Медина су добы спортымен алғашында денсаулығын жақсарту мақсатында айналыса бастаған. Кейін қызықты әрі тартымды спорттық ойынға кәсіби түрде кіріскен.13 жасар спортшы бүгінде су толы бассейн ішінде қарсыласының қақпасына допты дөп салатын сұрапыл спортшы. 2021 жылы Тараз қаласында өткен су добынан Қазақстан Республикасынының чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылы Өскемен қаласында өткен су добынан Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Бөлісу: