Медиацияны дамытудың келешегі

11 Сәуір 2018, 12:28 2096

10 сәуірде Достық үйінің медиация кабинетінде «Медиацияны дамытудың келешегі жанжалдарды шешудің балама жолы ретінде» тақырыбында Жамбыл облысындағы ҚХА медиаторлардың кеңесі өтті.  

Күн тәртібінде медиация институтын дамытудың  заңнамалық шаралары мен жаңа тәсілдері туралы мәселелер қарастырылды.

Медиацияның дамуы бойынша медиаторлар кеңесінің төрайымы Л.Сафонованың баяндамасы тыңдалды: 

«Медиацияның мақсаты – араздасқандардың арызын сотқа жеткізбей, бітімге келтіру. Президент медиация желісін дамытуды Ассамблеяға жүктеген болатын. Медиацияның мақсаты – татуластыру.  Татуластыру рәсімдерін дамытумен қоса әлеуметтік және ұлтаралық түсініспеушіліктерді болдырмау мақсатында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру, қоғамдық медиацияның рөлін күшейту мәселелері алға қою», – деп айтып өтті.

Қазіргі уақытта, облыста 63 қоғамдық және Ассамблея әлеуметтік медиаторлары медиация институтының қалыптасуы мен дамуы бойынша жұмыс істеп жатыр. Өкінішке қарай, кәсіби медиаторлардың саны әлеуметтік шиеленістерді шешуде медиацияны дамыту үшін жеткіліксіз болып табылады.  Осыған байланысты кәсіптік медиаторларды даярлау және оқыту курстарын құру туралы  мәселелер талқыланды.

Кездесуге қатысқан медиаторлар осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Медиация туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Соттарда бітімгерлік рәсімдер туралы мәселе де талқыланды, бастапқы кезеңде судьялардың қажетсіз істерін жою және шетелдік тәжірибе мысалында дауларды сотқа дейін міндетті түрде реттеу туралы ұсыныстар енгізілді.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ аймақтағы медиацияны дамытуға кедергі келтіретін проблемалар мен мәселелерді талқылады, себебі оның дамуы мен жетілдірілуінсіз өркениетті реттеу мәселелерінде Батыс елдерінен ешқандай айырмашылығы жоқ нағыз құқықтық және дамыған мемлекет құру мүмкін емес.

Бөлісу: