«Медиация институтын дамыту туралы» семинар-тренинг

18 Сәуір 2018, 01:20 2706

Солтүстік Қазақстан облысында медиацияны дамытуға  басты назар аударылады. Облыста барлығы 33 кәсіби және 323 кәсіби емес медиатор бар есептелінеді. Олардың қызметі дауларды реттеу мақсатымен азаматтарға сотқа дейін көмек көрсетуге бағыталған.

Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясының медиация кабинеті медиация институты қызметін танымал ету бойынша кең көлемдегі ақпараттық-таныстыру жұмыстарын жүргізеді.

18 сәуірде «Нұр Отан» Партиясының Қызылжар аудандық филиалында «Солтүстік Қазақстан облысы аудандарында медиацияны дамыту институты туралы: теория және тәжірибиеге талдау» семинар-тренингі өтті.

Семинардың басты мақсаты медиацияның қолдану мәселелерін талқылау болды.

Семинарға медиация кабинетіне жетекшілік жүргізетін  аудандық әкімдіктердің құрылымдық бөлімше басшылары мен мамандары, сонымен қатар Аққайың, Есіл, М. Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют аудандарының кәсіби емес медиаторлары қатысты.

Семинар барысында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының  медиация кабинетінің меңгерушісі Гүлбахша Мұсабаева, «Содружество» Солтүстік Қазақстан медиация және құқық орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Галина Пехотина, Аққайың ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, сонымен қатар медиаторлар: Мамлют ауданынан – Қайып Ыбраев, Есіл ауданынан – Виктор Байднер сөз сөйледі.

Ең қызықты бөлік болып  тренинг табылды, оның аясында қатысушылар ойластырылған жағдайда медиативтік үрдістің үш жағын қарастырды. «Содружество» Солтүстік Қазақстан медиация және құқық орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Галина Пехотина  дауларды реттеу бойынша шебер-класс өткізді.

Өз кезегінде медиация кабинетінің меңгерушісі Гүлбахша Мұсабаева бейнеролик көрсетіп,  медиация тек қана азаматтық немесе қылмыстық істерді қарастыру кезінде ғана өзекті емес, сонымен қатар отбасындағы, жұмыстағы, достар, көршілер арасындағы даулы жағдайларды шешуде маңызды екендігімен таныстырды.

Барлық қатысқандарға, қатысқандар 40 адамнан артық, семинар-тренинг өте ұнады. Қазіргі уақытта қоғамның медиация институтының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінетіндігі аталып өтті. Бұл 3 факторды үнемдеуге мүмкіндік береді: ақша, уақыт, күш.

Аудандардың кәсіби емес  медиаторларының ең белсенділері алғыс  хаттар мен құнды сыйлықтармен марапатталды.

Семинар соңында кофе-брейк ұйымдастырылды, онда қатысушылар мен ұйымдастырушылар формальді емес жағдайда іс-шараны талқылап, пікір алмасты.

Бөлісу: