Медиаторлар: Медиация интситутын қалытастыруды жас ұрпақтан бастаған тиімді

15 Шілде 2019, 17:34 4872

Медиация институтын қалыптастыруды жас ұрпақтан бастаған тиімді. Осы себепті бүгінгі таңда Шығыс-Қазақстан облысында мектеп медиациясына көбірек көңіл аударылуда.

Оның бір көрінісі ретінде Өскемендегі мектептердің жоғары сынып окушыларына ай сайын өткізілетін «Дауларды шешудің баламалы әдістері» тақырыбындағы семинар-тренингтерді айтуға болады. Оған жыл басынан бері 11 қазақ және 11 орыс мектебінің 792 оқушысы қатысты. Ондағы басты мақсат – жасөспірімдерді қандай деңгейдегі болсын қайшылықтардың алдын алуға, бейбіт жолмен шешеуге үйрету.


Балалар арасында орын алатын жанжалды жағдайларды қысқарту мақсатында кәсіби медиатор Тулетай Танекенова аудандарда кәсіби емес және мектеп медиаторларымен оқыту семинарларын өткізуді қолға алған. Осындай жұмыстар нәтижесінде жақында Ұлан ауданында бірінші аудандық «Мектеп медияциясы» байқау өткізіліп, жеңімпаздар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да өткен облыстық байқауға қатысып, төртінші орынды иеленді.

Бөлісу: