Медиа сарапшы Маргерит Хокси баспасөз хатшыларына кеңес берді

3 Сәуір 2023, 11:21 1115

Бұл туралы олЦифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесерінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Маргерит Салливан Вашингтон баспасөз клубының президенті, Ақ үйдегі және басқа федералды агенттіктердегі лауазымдарды атқарған медиа сарапшы.

Ол тәуелсіз медиа-даму кеңесшісі ретінде әлемге танымал. Салливан әлемдік медиа индустриясындағы жағдай туралы, редакциялардың цифрлық медиа кезеңіне өтудегі мәселелер туралы сөйледі. Сондай-ақ баспасөз хатшылары, ресми өкілдер жұмысындағы проблемаларға тоқталды.

“Баспасөз хатшыларының пікірін сұрамау болып жатады. Баспасөз хатшысы аудармашы сияқты. Мемлекеттік қызметтің атқарып жатқан жұмыстарын халыққа жеткізу, халықтың оған реакциясын өз басшылығына жеткізіп отыруы керек. Саяси бағдарламалар қабылданғада баспасөз хатшылары мемлекеттік қызметкерлермен бірге үстел басына отырып, пікірінің ескерілуі қажет. Осы жағы жеткіліксіз болып жатады. Мұның салдары ауыр болуы мүмкін. Біздің тәжірбиемізде мұндай жағдай болған. Осының әсерінен мемлекеттік бағдарламалар халыққа дұрыс түсіндірілмей, наразылық туындап жатады”,- деді автор.

Сондай-ақ Маргерит Салливан баспасөз хатшыларының екі негізгі міндетін айтты:

- БАҚ-пен қарым-қатынаста Үкіметтің адвокаттары ретінде әрекет ету, оның іс-әрекетінің жағымды жақтарын түсіндіру, қате ақпаратты түзету және бұрыннан бар ақпаратты түсіну мен түсіндіруді жеңілдету;

- журналистердің өтініштерін жеткізіп, Үкімет алдында БАҚ адвокаттары ретінде әрекет ету;

- лауазымды тұлғаның ресми өкілі ретінде тұрақты немесе арнайы брифингтер өткізу; -баспасөз қызметінің күнделікті істері (БАҚ сөздерінің мониторингі, баспасөз релиздерін жасау және тарату);

- саяси бағытты және ол туралы БАҚ пен жұртшылықты ақпараттандыру стратегиясын әзірлеуге жәрдемдесу;

- келісілген ұзақ мерзімді материалдарды тарату бойынша БАҚ-та науқандарды жоспарлау және өткізу;

- БАҚ сұраныстарын қанағаттандыру;

- баспасөз үшін мемлекеттік шенеуніктермен сұхбаттар мен брифингтер дайындау;

- мемлекеттік шенеуніктермен және олардың аппаратымен баспасөзбен қарым-қатынастың барлық мәселелері және ұсынылған саяси шешімдерге БАҚ-тың ықтимал реакциясы бойынша консультациялар;

- сөз сөйлеулердің дайындалуын бақылау, сөйлеулер мен хабарламаларды дайындау;

- басқа мемлекеттік баспасөз қызметтерімен байланысты жүзеге асыру; - журналистермен жұмысты ұйымдастыру (аккредиттеу, тасымалдау, қонақүйлерде орналастыру);

-баспасөз қызметі жүргізетін іс-шаралардың тиімділігін талдау және болашаққа ұсыныстар әзірлеу.

Сұрақ-жауап бөлімінде журналист Серік Селеубайұлы “жалған ақпарат таратқан жағдайда баспасөз хатшыларының жалған ақпарат таратқан жағдайда жазалана ма?” деген сұрақ қойды. Маргерит Салливан мұндай жағдайда АҚШ-та баспасөз мамандары заң жүзінде жазаланбайтынын айтты.

“Бірақ мұндай баспасөз хатшысы қоғам мен журналистердің сенімінен айырылады. Бұдан кейін ақпаратты ол басқа ақпарат көздерінен іздейтін болады. Баспасөз хатшысы ақпарат бермесе де журналист ақпаратты табады”,- деді ол.

Сондай-ақ журналистер “баспасөз хатшысына мемлекеттік мекеме жалған ақпарат тарат деген кезде не істеу керек?” деген сұрақ қойды.

“Мұндай жағдайда ол моральдық құндылықтарды бірінші орынға қояды деп үміттенемін”,- деп жауап берді.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: