Марокко Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Рашид Талби Әл-Аламидің шақыруымен Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттық делегация Рабат қаласына ресми сапар жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сапар барысында қазақстандық делегация Марокко Парламентінің Өкілдер палатасының басшысымен, Кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммед Ульд Ар-Рашидпен және елдің Премьер-министрі Азиз Аханнушпен келіссөздер жүргізді.
Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Қазақстандық тарап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мароккомен әріптестікті нығайтуға үлкен маңыз беретінін атап, Король VI Мұхаммедке ризашылықпен жылы лебізін жеткізді.
Қос ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған уақыттан бері парламентаралық байланыстар тұрақты дамып келеді. Ерлан Қошанов бұл ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытып, заң шығару тәжірибесімен алмасу, достық топтары мен профильдік комитеттер арасындағы жұмысты жандандырудың маңызын атап өтті.
Парламентаралық диалогты күшейту - екі ел азаматтарының жақындасуына жол ашады. Биыл марокколық достық тобының Астанаға сапары табысты өтті. Мұндай тәжірибе алдағы уақытта да жалғасуы тиіс», - деді Мәжіліс төрағасы.
Кездесуде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар және Парламенттің қазіргі жұмысы жөнінде ақпарат беріліп, жоспарланып отырған парламенттік өзгерістер талқыланды. Марокко Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы қазақстандық реформалардың тиімділігін жоғары бағалай отырып:
Биыл екі ел азаматтары үшін визасыз режим күшіне еніп, екіжақты қатынасты жандандыра түсуге жол ашқан еді. Қазіргі уақытта тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі де қарастырылуда.