Мәжіліс сайлауы: 10 ұйым байқаушы ретінде тіркелді

13 Наурыз 2023, 18:25 959

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын байқау жөнінде қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу бойынша ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова баяндады.

Қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады. Саяси партиялардан байқауды жүзеге асыру үшін тіркеу талап етілмейді. Аккредиттеуді өткізу тәртібі бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар мен ОСК аккредиттеуді алады. Тиісінше, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдарда аккредиттеуді аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. ОСК 10 республикалық қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйымдарды тіркеді олар 20 өңірде байқауды жүзеге асыра алады. Аумақтық сайлау комиссиялары 201 ұйымға аккредиттеу туралы куәлік берді,- деді ОСК мүшесі.

Сондай-ақ, ол тіркеуден бас тарту бойынша 27 коммерциялық емес ұйым аккредиттеуден бас тартқанын айтты. Соның ішінде, 19-ы филиалдар яғни, жеке заңды тұлғалар болмағандықтан тіркеу талап етілмейтінін айтты.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: