Мәжіліс депутаты ШҚО-дағы шаруалармен кездесті

30 Тамыз, 14:37 486

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров өңірлерге жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Депутат шаруалармен кездесуде ауыл шаруашылығы бизнесін дамытудың түйткілді мәселелерін талқылады.

Жиында Respublica партиясының төрағасы сайлаушылардан түсетін шағымдарды көтерді, соның ішінде шаруаларға субсидиялардың уақтылы төленбеуі. Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

Өңірде мәселе көп. Соның бірі – жайылымның жоқтығы, жер берілгеннен кейін ереже қабылданған соң жерді қайтарып алу. Батыс Қазақстан облысында бүгінде шаруалар көтерген мұндай мәселелер іс жүзінде шешімін тапты. Біздің партия аяққа нық тұрған шағын бизнес еліміздің болашағы екенін жақсы түсінеді. Біз кәсіпкерлердің мүддесін қорғаудамыз, – деп түйіндеді сөзін Айдарбек Қожаназаров. 



Өңірлерде көтерілген мәселелерді Мәжілістегі партия фракциясы алдағы уақытта назарға алатынын айтты.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: