Мәжіліс депутаты: Мені «гей» етіп шығаруы мүмкін

27 Қараша 2023, 18:00 1422

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Берденов «Динамен дұрыс» бағдарламасында букмекерлік кеңселерден қысым көріп жүргенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Руслан Берденов букмекерлік кеңселердің мүшелері тілшілерге оның беделін түсіру үшін түрлі ұсыныс жасағанын айтып берді.

Олар журналистерге «Руслан Берденов туралы мына дүниелерді жасаңдар. Оның репутациясын құртыңдар, ешқандай қаржылай шектеу қойылмайды» деп айтқан. Араларында ұяты бар бір кісі маған бұл хатты көрсетіп, «сенің артыңда мынадай жұмыс істеледі. Қазан-қараша айларында өзің жайлы қызық жаңалықтарды білесің. Сені тіпті «гей» де қылдырады» деді, - дейді депутат.

Айта кетейік, Руслан Берденов лудоманияға қарсы күрес жүргізіп, букмекерлік кеңселердің жұмысын тоқтатуға белсенді атсалысып жүр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: