Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПарламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататын болды. Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, депутат мандатын тапсыру бойынша өтінішті өзі берген, El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.
37 жастағы Динара Шүкіжанова Қостанай облысының тумасы. 2011 жылы "Агромашхолдинг KZ" АҚ-ға жұмысқа шақырылып, 2022 жылы аталған компанияның президенті болып тағайындалған. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болып табылады. "Қазақстанның 100 жаңа есімі "республикалық байқауының жеңімпазы.
Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. Respublica партиясының негізін қалаушылардың бірі.
Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Динара Шүкіжанова партияда қала береді.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары