Мәжіліс депутаттары Астанада ағаш отырғызды

Бүгiн, 06:24 170

Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері Республика күні қарсаңында Астанада 300 ағаш отырғызды. Іс-шараға төменгі палата өрағасы Ерлан Қошанов қатысты, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Сенбілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті.

Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлері Астанадағы Ғашықтар саябағының аумағын көгалдандыруға үлес қосты. Сенбілік барысында Тұран даңғылы бойына алма, мойыл және ырғай көшеттері отырғызылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: