Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен халықтың жан айқайын Үкіметке жеткізді

5 Сәуір 2023, 12:12 933

Мәжіліс депуттары Ерлан Сайыров, Дүйсенбай Тұрғанов, Ғалымжан Елеуов вице-премьерлер Алтай Көлгінов пен Роман Склярға Ақтөбе облысында болған су тасқынынан зардап шеккендер халыққа материалдық көмек көрсету, су тасқынының алдын алу шараларын күшейту туралы сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Жыл сайын болатын су тасқындары азаматтарымыздың өмірі мен мүлкіне қауіп төндіріп қана қоймай, отандастарымыздың моральдық-психологиялық деңгейіне де кері әсер етуде! Үкімет, су тасқынына қарсы жүздеген миллиард теңге бөледі. Алайда, нәтиже жоқ десе болады! Мысалы, биыл Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқынынан 79 үй, дәмхана, мектеп пен спорт кешені, ал Ойылда 25 үй зардап шекті. Ал Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласы мен жанындағы ауылдарда 180-ге жуық үйді су басты. Сонымен қатар, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында жауған жаңбыр мен еріген қар суы салдарынан 2 рет су тасқыны болып, тас жол бұзылып, маңындағы ауылдарға қауіп төндірген. Ол 259 отбасының ғана көз-жасы емес, тұтас халықтың басындағы қиындық!

Үкімет су тасқынына қарсы келесі шараларды шұғыл қабылдауы қажет деп есептейді:

1. Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстар-ындағы тасқыннан зардап шеккен барлық отбасыларға жедел түрде материалдық көмек көрсетуі тиіс!

2. Тасқынның салдарынан баспанасынан айрылған азаматтарға жедел үй салып беру басты міндет!

3. Еліміздің барлық аумағында Су тасқыны қаупі бар жерлердің картасы жасалуы қажет!

4. Су тасқыны қаупі бар жерлердің барлығында тасқыннан қорғайтын дамбалар, контррегуляторлар, су өтетін өткелдер салу аса маңызды. Тасқынның салдарымен күреспей, оның алдын алу қажет!

5. Жаз кезінде Қазақстанда су ресурстарының жетіспей-тіндігін есептесек, жаңа дамба, плотиналар салу елді мекендерді қорғап қана қоймай, ауыл шаруашылығына көмектестетіні анық!

6. Су тасқыны қаупі бар көптеген жерлерде жергілікті атқарушы билік үй салуға жол берген. Соның нәтижесінде жеке тұлғаларға да, мемлекетке де орасан зор шығын келіп отыр! Бұл жерлерді кім бергенін тексеріп, заңсыздыққа жол берген лауазымды тұлғалар жазасын алуы тиіс!»,т-ьделінген депутаттық сауалнамада.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: